Алматыдағы жер сілкінісі: ТЖМ-нің 14 қызметкері жұмыстан босатылды
28.02.2024 19:05
Фото:
©El.kz/Арман МҰХАТОВ
Қаңтар айында Алматыда болған жер сілкінісінен соң Төтенше жағдайлар министрлігінің 14 қызметкері жұмыстан босатылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Олардың қатарында министрліктегі төрт басшы, олардың бес орынбасары, ведомствоға қарасты ұйымның 1 басшысы, аумақтық бөлімшенің басшысы мен оның орынбасары қатаң тәртіптік жауапқа тартылған.
Олардың бәрі ҚР ТЖМ қызметтік тергеуінен соң Алматыдағы жер сілкінісі кезінде уақтылы әрекет жасамағаны үшін жазаланған.

