Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі

Алматыдағы визит-орталықтарға жыл басынан бері 10 мыңға жуық турист келген

15.08.2025 05:30

Жыл басынан бері Алматыдағы ақпараттық орталықтар 8 339 туристке кеңес берді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Бұл көрсеткіш шетелдік меймандардың қалаға деген қызығушылығын және Алматының қонақтар арасында танымал екенін айғақтап отыр. Биылғы жеті айда 8 339 турист Алматыдан мәдени нысандар, экскурсиялар және қалалық инфрақұрылым туралы ақпарат іздеген.

Алматы қаласында тоғыз туристік ақпараттық орталық жұмыс істейді. Олар халықаралық әуежайдан бастап, танымал туристік аймақтарға дейінгі орындарда орналасқан. Әрбір визит-орталық туристерге жайлы саяхат үшін қажетті мәліметтер ұсынады. Атап айтқанда, қала карталарын, бағыттар бойынша ұсыныстар, мәдени іс-шаралар мен жергілікті көрікті орындар туралы ақпарат, сондай-ақ үш тілде кеңес қызметін ұсынады.

Визит-орталықтар туристердің сапарында маңызды рөл атқарады. Орталықтар саяхатшыларға дер кезінде нақты ақпарат беріп, интернеттен іздеуге жұмсайтын уақытын үнемдеп, қалада бағдар табуда туындайтын қиындықтардың алдын алады. Бұл өз бетінше немесе шағын топпен саяхаттайтындар үшін, сондай-ақ қалаға алғаш келген қонақтар үшін аса маңызды. Жыл басынан бері Алматыға туристерден зор қызығушылық байқалып отыр. Визит-орталықтар туристік ағынды тиімді ұйымдастырып, қонақтардың сұранысын қанағаттандырып, қаланың оң имиджін қалыптастыруда басты рөл атқарып келеді, - деді туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі. 

Қазіргі таңда елімізде 28 визит-орталық жұмыс істесе, оның 7-і ұлттық парктер аумағында орналасқан.