Алматыдағы тәртіп сақшысының өлімі: оқиғаның видеосы пайда болды
13.01.2025 00:10
Фото:
t.me/kozachkow
Әлеуметтік желіде Алматыдағы мекемелердің біріне келген қонақ пен полиция қызметкері арасындағы төбелестің қалай басталып, тәртіп сақшысының қалай өлтірілгені көрсетілген видео тарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Видеоны журналист Михаил Козачков Telegram-арнасында жариялаған. Кадрдан төбелестің қалай басталғанын көруге болады.
Ашуға булыққан ер адам қасындағы бойжеткенге кенеттен шабуыл жасап, тұншықтыра бастайды. Әйел адамға көмекке келгендердің арасында полиция қызметкері де болған. Жанжал кезінде ол Өзбекстан азаматын бетінен ұрған, ал әлгі ер адам пышағын тәртіп сақшысының жүрегі мен ішіне үш рет сұғып алған. Өкінішке қарай, ол алған жарақаттарынан қайтыс болды.
Ал күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

