Алматыдағы референдум: «Қазақ аналары» мүшелері отбасымен дауыс берді
15.03.2026 13:34
Фото:
gov.kz
Алматы қаласы Бостандық ауданындағы сайлау учаскелерінде «Қазақ аналары» қоғамдық бірлестігінің мүшелері белсенділік танытуда.
Аналар отбасымен келіп, азаматтық борыштарын өтеп, жастарға үлгі болуда.
Олар референдумның ел болашағы үшін маңыздылығына тоқталып, баршаны дауыс беруге шақыруда.
Бірлестік өкілдерінің қатысуы сайлау процесінің қоғамдық маңызын арттыра түсуде.

