Жаңалықтар

Алматыдағы «Қайрат» шағынауданына газ беру тоқтатылды

Қалалық әкімдік газдың не себепті тоқтатылғанын түсіндірді
Алматыдағы «Қайрат» шағынауданына газ беру тоқтатылды
Фото: alau.kz 17.01.2023 12:35 1027

Алматы қаласының әкімдігі «Қайрат» шағынауданында тұрғын үйлердің газдан ажыратылу себебін түсіндірді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Әкімдік ұсынған ақпаратқа сүйенсек, кеше сағат 13:30-да жүк көлігінің жүргізушісі орташа қысымды газ магистраліне соғылып, «Қайрат» шағынаудандағы бірқатар үйге газ беру тоқтатылған. «Баймақ» ЖШС-ге тиесілі жеке газ желілерін жөндеу мәселесі жедел шешілуде.

«Авариялық-қалпына келтіру жұмыстары 3 сағаттан астам уақытқа созылды. Содан соң желілерді іске қосу басталды. Алайда жөндеу бригадалары газбен тұрақты қамтуды толық көлемде қамтамасыз ете алмады.

Аудан әкімдігі мен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ қызметкерлері шағынаудан тұрғындарымен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Одан әрі үйлерді аралап шықты», - делінген ведомство хабарламасында.

Мәліметке сүйенсек, сағат 01:30-да 135 абонент газға қосылған.

«Қалған 52 абонент бойынша: желіде газ құбырларының бітелуі анықталды. Оларды жою үшін негізгі магистральды ажырату қажет болды (қауіпсіздік техникасына сәйкес түнгі уақытта дәнекерлеу және іске қосу жұмыстары жүргізілмейді).

Апатты жою жұмыстары бүгін күндізгі уақытта да жалғасатыны туралы шағынаудан тұрғындарына түсініктеме берілді», - деді әкімдіктен.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға