Алматыдағы орталық стадион қайта жаңғыртылмақ
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев «Челсимен» ойыннан кейін қандай шешім қабылданғаны жайлы айтып өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Естіріңізге сала кетейік, Англия командасымен кездесу кезінде жанкүйерлер стадион орындықтарының қар басып қалғанын айтып, шу көтерген еді.
Челси матчында менің де болғаным рас. Бұған дейін де кешірім сұрадық. Негізі шетелдік туристер үшін барлығы жақсы өтті деген сенімдемін. Бұл жағдай шығыс секторындағы 6 қатардан басталды ғой. Мәселе жұмысын толыққанды орындамаған жауапсыз тазалаушыларға байланысты туындады. Әрине, Орталық стадионның менеджменті бұл жерде өз жұмысын жеткілікті деңгейде атқармады десек болады. Осыған байланысты тиісті шешімдер қабылданды. Концепт дайын,-деді Досаев.
Қала әкімінің айтынша, матчқа қатысқан 21 мың адам, оның ішінде жанкүйерлер де бар, атмосфера мен стадионның жағдайына разы болды.
Біз әрдайым мұндай жағдайлардан сабақ аламыз. УЕФА тарапынан да, командалар тарапынан да стадионға қатысты ешқандай шағым түспеді - деп түсіндірді әкім.