Алматыдағы лай көшкіні: Досаев оқиға орнына барды
Алматы әкімі Ерболат Досаев лай көшкіні болған жерге келді, деп хабполайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сол жерде қала басшысы бүлінген ғимараттарды аралап, шұғыл көшпелі кеңес өткізді.
Басты басымдық - іздеу-құтқару жұмыстары. Алдын ала ақпарат бойынша үйде тұратын адамдарды іздеу бойынша барлық жұмылдыру топтарының жұмысын үздіксіз қамтамасыз ету қажет, - деді Ерболат Досаев.
Көршілердің айтуынша, бұл үйде 4 адамнан тұратын отбасы болған.
Әкімнің тапсырмасы бойынша болған оқиғаның себептерін тексеру және лай көшкіні салдарын жою бойынша арнайы топ құрылды.
Естеріңізге сала кетейік, 8 ақпанда Медеу ауданының «Тау-Самалы» шағынауданындағы Олимпийская көшесі бойында техногендік сипаттағы топырақтың лайлануы салдарынан лай көшкіні болған.
Әкімнің тапсырмасы бойынша болған оқиғаның себептерін тексеру және лай көшкіні салдарын жою бойынша арнайы топ құрылды.
Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда. Бұл жерде жедел медициналық көмек бригадалары бар.