Жаңалықтар

Алматыдағы күзетшінің өлімі: бұрынғы депутаттың ұлы порнографияны таратты деп айыпталды

Алматыдағы күзетшінің өлімі: бұрынғы депутаттың ұлы порнографияны таратты деп айыпталды
Фото: видеодан алынған кадр 05.01.2025 15:44 948

Алматыдағы тұрғын үй кешенінің біріндегі күзетшіні сабап өлтірді күдікпен ұсталған адамның ісі сотқа жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Күдікті қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігінің 5-ші тармағы (аса қатыгездікпен кісі өлтіру) және 147-баптың 5-бөлігі (адамның жеке өмірі туралы ақпаратты оның келісімінсіз тарату) бойынша айыпталған.

Бірінші эпизод бойынша сотталушы 2024 жылдың наурыз айында Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінің күзетшісін өлтірді деп айыпталуда. Сонымен қатар тергеу сотталушыны өзінің танысы А-ға қатысты әлеуметтік желілер арқылы порнографиялық бейнероликтерді таратқаны үшін айыптайды, – деп хабарлайды сот.

Сот өтетін күн әлі нақтыланғане жоқ. 

Айта кетейік, ер адамның көршілерінің айтуынша, ол есірткіге әуес болған. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға