Жаңалықтар

Алматыдағы егіз қыздарды зорлауға қатысты жаңа деректер шықты

Алматыдағы егіз қыздарды зорлауға қатысты жаңа деректер шықты
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 06.10.2023 10:19 5993

Қыздардың туған анасы небәрі жиырмалар шамасындағы келіншек. Өзі есірткіге тәуелді. Туған-туыстары түгел ішкілік пен нашақорлыққа салынып кеткен соң, бүлдіршіндердің тәрбиесі тұрмақ қауіпсіздігіне ешкім бас қатырып жатпаған сыңайлы, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Қазір қамаудағы Арсыланбек Қыдырбаев полицейлерге ұсталар күні шешесін шақырып, оқиғаның қалай болғанын айтып үлгерген екен. Келіні өз немересін күйеуінің қойнына салып берді деп отыр.

Қорлық көрген егіздердің анасы есірткіге тәуелді дейді. Ал өзінің ішімдікке жақын екенін жасырмай айтып отыр. Өгей немересін зорлады деп айыпталған 40 жастағы күдіктінің мас күйін көршілер сан мәрте көрген. Десе де отбасы тұйық болыпты.

Көршілерінің айтуынша, 40 жастағы үй иесі бірнеше жыл бұрын үйленген. Такси жүргізушісі болып жұмыс істейді.

Оқиға болған үйдің аумағы жартылай қоршалған. Күдіктінің анасының айтуынша, оған немерелерін зардап шеккен балалардың әжесі өзі әкелген. Ер адам сол кезде мас болған және қылмыстан кейін телефон соғып, не істегенін айтқан.

"Түнде балаларды зорлады деп естідік. Көршілер шуылдады. Полиция мен жедел жәрдем дәрігерлері келді. Мен отбасының ішімдік ішетінін естідім. Қылмыскердің анасы көз жасын тыя алмай отыр”, – дейді Гүлназ Нұрзилова.

Қарт әйел баласының ішімдік ішетінін мойындап отыр. Айтуынша, қылмыс жасаған кезде келіні жақын жерде болған және бәрін көрген.

"Мен оған басқалардың балаларымен араласпа, оларға жақындама деп айтқанмын. Менің ұлым саусағын тыққанын мойындады. Ол маған балаларды әйелінің өзі әкеліп, "Жаса” деп айтқанын жеткізді. Ол мас болған. Енді қылмысы үшін жауап берсін! Мен мұндай жаман ұл өсірген жоқпын”, – дейді күдіктінің анасы.

Арсыланбек Қыдырбаевтың тұрақты жұмысы жоқ. Тек ауылда адам тасып күнелтіп келген.

Ал полицейлер екі күдіктінің ұсталғанын жеткізді. Ол егіздердің нағашы әжесі мен оның көңілдесі. Тергеу жалғасып жатыр.Екі қыз қазір анасымен осы ауылдағы ауруханада емделіп жатыр. Біреуіне ота жасалыпты.

"Балалардың жағдайы орташа. Ауруханаға түскенде олардың зорлық көргенін дәрігерлер бірден анықтады. Полицияға да дереу хабар берілді. Алған жарақаттарына байланысты балаларға операция жасалды. Қазір өмірлеріне төніп тұрған қауіп жоқ. Медициналық көмекпен қатар, психологтар да жұмыс істеп жатыр”, – дейді Ажар Ғиният.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға