Жаңалықтар

Алматыдағы даңғылдардың бірінде реверсивті қозғалыс енгізіледі

Алматыдағы даңғылдардың бірінде реверсивті қозғалыс енгізіледі
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 04.07.2024 20:41 303

Алматыдағы Сүйінбай даңғылының аумағында уақытша реверсивті қозғалыс ұйымдастырылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қалалық әкімдік мәліметінше, Сүйінбай көшесінің аумағына орташа жөндеу жүргізуге байланысты қозғалысқа уақытша шектеулер енгізіледі. Бекмаханов көшесінен теміржол өткеліне дейінгі учаскеде реверсивті қозғалыс ұйымдастырылады.

5 шілде сағат 22:00-ден 7 шілде сағат 22:00-ге дейін жолдың батыс жағына, ал 8 шілде сағат 22:00-ден 10 шілде сағат 22:00-ге дейін шығыс жағына жөндеу жүргізіледі. Әр бағытқа бір жолақты жол ашылады.

Жөнделетін учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты жазылған стендтер қойылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға