©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Алматыдағы ботаникалық бақ уақытша жабылады

30.10.2024 16:02
Алматыдағы ботаникалық бақ уақытша жабылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін, 2024 жылдың 30 қазанында Ботаникалық бақ келушілерге маңызды хабарламамен жүгінді. Әкімшілік бақтың бір күн жұмыс істемейтінін ескертті. Нақтырақ айтқанда — 31 қазанда, 

Бақтың баспасөз қызметі жабылудың себебі аумақты жүйелі түрде жоспарлы санитарлық өңдеумен байланысты екенін атап өтті.

Басқа күндері жұмыс кестесі өзгеріссіз қалады.