Жаңалықтар

Алматыдағы ботаникалық бақ бір күнге жабылады

Алматыдағы ботаникалық бақ бір күнге жабылады
Фото: instagram.com/botsadkz 03.05.2024 21:20 475

Алматыдағы ботаникалық бақ 6 мамырда жұмыс істемейді. Бұл туралы демалыс орнының желі парақшасында жазылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл күні ботаникалық бақ аумағы жоспарлы түрде санитарлық тазартудан өтеді.

Басқа күндері жұмыс кестесі өзгеріссіз қалады. Ботаникалық бақ күн сайын сағат 09:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс жасайды. Кассалар 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Кассадағы техникалық үзіліс: 15:00-15:30. Егер айдың бірінші дүйсенбісі мереке күніне сәйкес келсе, онда санитарлық күн кейінге қалдырылуы мүмкін,-делінген хабарламада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға