Жаңалықтар

Алматыдағы автобус апатының куәгері даудың неден шыққанын айтты

Алматыдағы автобус апатының куәгері даудың неден шыққанын айтты
Фото: telegram 15.01.2024 07:18 34784

22 қараша күні Алматыда болған автобус апаты үш адамның өмірін қиған еді. Жуырда Көреміз бағдарламасында аталған оқиғаның куәгері сұхбат беріп, мән-жайдың қалай болғанын айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі inbusiness.kz-ке сілтеме жасап. 

Куәгер Жеңіс Тайбектің айтуынша, жүргізушіні ұрған ер адам мас болмаған.

22 қараша күні досым екеуміз "Апорт" аялдамасынан мінгенбіз. Бізбен бірге сол ер адам кірді. Біз алдыңғы есіктен, ол ортаңғы есіктен кірді.Ол шекпеген, ішпеген. Енді, көрінеді ғой. Ол кісі ортамен түсіп кетпекші болған, өзінің аялдамасына. Жетінші Қалқаман больницасына дейін келген ол кісі. Сол жерде түсіп қалу керек болған. Жүргізуші оны 6 минуттай күтті. Ол кезде бәрі сыпайы сөйлеп тұрды. Жолаушы (жол ақысын) “смс-пен төлеп қойдым” деді. Жүргізуші “көрсетіңіз” деді. Жүргізуші смс-пен төленбейтінін біліп тұр. Ал, жолаушы көрсете алмай тұр. Сосын іштегі жолаушылар жүрейік деді. “Келесі аялдамадан түсіңіз. Оған дейін төлеп үлгеріңіз” деді жүргізуші. Көпірдің үстіне келгенде, жолаушы ұялды ғой, мені көпірдің үстінен түсір деді. Жолаушы басында жүргізушіге сыпайы сөйлеп тұрды да, артынан артық кетті. Боқтап, балағаттады. Бірақ, жүргізуші оған ештеңе деген жоқ, қарсы шыққан жоқ. Бірақ жүргізуші әйел де шыдамай кетіп, “ал, ұр, істей аласың ба?” деді. Біз айтып үлгергенше, бізге қарап тұрып, екі рет ұрып жіберді. Біз оны ұстап үлгере алмай қалдық, - дейді оқиға куәгері.

Айта кетейік, оқиға кезінде жолаушы жүргізушіні ұрғанда, ол есінен танып қалған. Бақылаудан шыққан автобус адамдарды қағып, кейін төрт көлікпен соқтығысқан.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға