Жаңалықтар

Алматыда жыл соңына дейін 18 мектеп пайдалануға беріледі

Бұл жоспарға 10 750 орындық 11 мектеп, 1 270 орындық 5 қосымша құрылыс, 1 800 орындық 2 ғимаратты сатып алу кіреді.
Алматыда жыл соңына дейін 18 мектеп пайдалануға беріледі
14.07.2022 05:50 1545

Алматыда жыл соңына дейін 14 мыңға жуық оқушы орнына арналған 18 орта білім беру нысанын іске қосу жоспарлануда, деп хабарлайды EL.KZ. 

Бұл туралы Алматыда қалалық филиалдың Саяси кеңесі Бюросының және Алматы қаласы мәслихатындағы AMANAT депутаттық фракциясының кеңейтілген отырысында айтылды.

Бұл жоспарға 10 750 орындық 11 мектеп, 1 270 орындық 5 қосымша құрылыс, 1 800 орындық 2 ғимаратты сатып алу кіреді.

Өз кезегінде, мәжілісмен Бекқали Торғаев биыл аяқталуы тиіс 5 мектептің құрылысына қатысты алаңдаушылық білдірді.

Бұл нысандар өткен жылдан бері өтпелі болып келеді. Соның бірі – Мәдениет шағын ауданында мектеп құрылысы. Құрылыс басқармасының есептеуінше, мектеп тамыз айында пайдалануға беріледі. Алайда, нысанға барғаннан кейін құрылыс жұмыстары баяу жүргізіліп жатқанын көрдім. Мектептің инфрақұрылымы мен абаттандыру мәселелері де ерекше бақылауды талап етеді, - деді Б.Торғаев.

Тиісті басқармада келісім-шартқа сәйкес Мәдениет шағын ауданда мектеп құрылысы тамыз айының соңына дейін аяқталатынына сендірді. Бұл үшін барлық техника мен 400-ге жуық жұмысшы жұмылдырылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға