Алматыда Дүниежүзілік мұнай кеңесінің жастар форумы өтеді
Дүниежүзілік мұнай кеңесінің VII жастар форумы алғаш рет Орталық Азия өңірінде, Алматы қаласында, Қазақстан-Британ техникалық университетінің алаңында өтеді, деп хабарлайды El.kz
2022 жылғы 29 қыркүйек-2 қазанда өтетін форумды әлемдік энергетикалық ресурстарды жауапты өндіру және пайдалану бойынша диалогты ілгерілету үшін 60-қа жуық әлемдік мұнай-газ елдерін біріктіретін бейтарап, коммерциялық емес ұйым - Дүниежүзілік мұнай кеңесінің жастар ұлттық комитеті өткізеді.
2021 жылғы 5-9 Желтоқсанда Хьюстон қаласнда өткен Дүниежүзілік мұнай конгресінде 2022 жылы VII жастар форумын өткізу құқығы Қазақстандық Ұлттық комитет атынан КAZENERGY Қауымдастығына берілді.
Жастар форумы мұнай-газ саласындағы тәжірибемен, жаңа ақпаратпен және озық жетістіктермен алмасу үшін бірегей платформа болып табылады. Форумның аудиториясы 2000-ға жуық жас мамандар, студенттер мен аспиранттарды қамтиды.
Қазірдің өзінде студенттер, саланың жас мамандары, сарапшылар форумға қатыса алады. Жастар форумын өткізу және тіркелу туралы толығырақ ақпарат сайттан оқуға болады.