Алматыда асфальттың жаңа түрі төселіп жатыр
22.07.2022 05:37
Алматыда асфальттың жаңа түрі сынақтан өткізіліп жатыр. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды El.kz.
Әкімдіктің мәліметінше, полимерлі битум негізіндегі асфальтбетонды қоспаны алматылық жол жөндеушілер қолданысқа енгізіп көрді. Пилоттық жоба аясында жаңа қоспамен Гоголь көшесінің автобус жолағының солтүстік жағындағы үш учаскесі жөнделді. Мамандар бұл аумақты жыл бойы бақылап отырады.
– Сынамалар алынып, жабынның жай-күйіне мониторинг жүргізіледі. Бұл тәжірибе барысымен қала әкімі Ерболат Досаев танысты. Жаңа материал әлдеқайда берік және жолдарда ойықтар мен жарықтардың пайда болуына жол бермейді деп есептеліп отыр, – делінген хабарламада.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

