Алматыда қару-жарақ арсеналы табылды
27.07.2022 19:24
Фото:
Polisia.kz
Алматыда қару-жарақ арсеналы табылды, – деп хабарлайды El.kz порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Алматы қаласы криминалдық полициясының мәліметінше, ҮАК бойындағы орман белдеуінен қару-жарақ арсеналы табылды. Атап айтқанда, мәселе, кесілген қос ұңғылы шолақ мылтық, магазині бар газ тапаншасы, магазині жоқ BLOW F92 тапаншасы, 4 граната, әртүрлі калибрлі 39 патрон, радиостанция жайында болып отыр. Бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 287-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелді. Қару-жарақтың, сондай-ақ оқ-дәрілердің шығу тегі мен шынайы тиесілігі одан әрі жүргізілетін жедел және арнайы іс-шаралар барысында анықталатын болады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

