Қала әкімдігі үйлерде жылу қашан қосылатынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, мегаполис аймағында бес тәулік бойы 8 градус суық болған жағдайда кезең-кезеңімен жылу қосыла бастайды.
Сонымен қатар, ведомство өкілдері жылу беру маусымын дайындау және өткізу қағидаларына сәйкес жылу қосу уәкілетті органның қаулысы негізінде басталатынын айтты.
Әзірге жылу қосылатын нақты бір күн жоқ. Ол ауа райы мен құзырлы органның шешіміне байланысты болмақ.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Сәт Тоқпақбаевқа «Халық қаһарманы» атағы берілді