Жаңалықтар

Алматыда жүректің өткізгіш жүйесін күшейту бойынша алғашқы операция жасалды

Алматыда жүректің өткізгіш жүйесін күшейту бойынша алғашқы операция жасалды
Фото: gov.kz 25.05.2023 20:45 652

Жүрек ырғағының бұзылуына әкелетін кардиопатологиясы бар 5 пациентке операция жасалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да Тараз, Қарағанды, Алматы қалаларының және басқа өңірлердің дәрігерлері үшін аритмология саласындағы халықаралық танылған маман, Вроцлав медицина университетінің ( Польша) профессоры Яцек Гайектің қатысуымен оқыту мастер-класы өтті.

Мастер-класс барысында толық атриовентрикулярлық блокадасы бар, яғни жүрек ырғағының бұзылуына әкелетін кардиопатологиясы бар 5 пациентке операция жасалды. Ең үлкен пациент 66 жаста, ал ең жас пациент небәрі 23 жаста.

Мысалы, диагнозы бар 58 жастағы пациентте: толық АВ-блокада, Гис байламында оң аяғының толық блокадасы әлсіздік, бас айналу, ентігу, жоғары қысым, тұрақты бас ауруы сияқты белгілер байқалды. Туа біткен жүрек ақауы бар, Гис байламының сол және оң жақ аяқтарының толық блокадасы бар 23 жастағы пациентті үнемі бас айналу, ентігу және тез шаршау байқалды.

АВ блокадасының дамыған ағымы кенеттен жүрек өліміне әкелуі мүмкін екенін айта кету керек.

Біз жаңа технологияларды енгізе отырып, заманауи медициналық үрдістер мен стандарттарды ұстануға тырысамыз. Көрсету операцияларын жүргізумен тәжірибе алмасу мамандарға өз білімдерін, дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді, - дейді Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ басқарма төрағасы Марат Пашимов.

Мен Қазақстанға операцияға шақырғандарнма өте ризамын. Бұл менің екінші сапарым, менің тәжірибем мен қосымша оқытуым Қазақстандық дәрігерлерге осы техниканы енгізуге көмектеседі деп сенемін. Бұл әдіс жүрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін перспективалы және бағалы, - дейді профессор Яцек Гиек.

Жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің бұзылуы бөлімшесінің меңгерушісі Бағдат Ахыттың айтуынша, өткізгіштік жүйені күшейту қарыншааралық диссинхрония проблемаларын шешуге, жүректің оң және сол жақ екі қарыншасын дәлірек және синхронды түрде белсенді етуге мүмкіндік береді, бұл пациенттердің өмір сүру сапасын жақсартады. "Операция кезіндегі қауіптер барынша төмен, өйткені біз жоғары технологиялық жабдықты басшылыққа аламыз, әр пациент үшін шығыс материалдарының үлкен спектрін жеке таңдаймыз, - деді КІА ҒЗИ аритмологиялық қызметінің аға ординаторы Артур Абдымомунов.

Ол кардиостимулятор жүректің жұмысын күшейте отырып тәулік бойы жұмыс істейтінін ждеңгейдентің соғу жиілігі шекті деңгейден төмендеген кезде сұраныс бойынша қосылатынын атап өтті. 12-13 жылдың ішінде адам өзінің әдеттегі өмір салтына оралып, тіпті өзінің режиміне спорттық жүктемелерді қосып, ұзақ өмір сүре алады.

Бұл қымбат операция МӘМС қаржыландыру шеңберінде жүргізілетінін, ал сақтандырылған пациенттер үшін бұл мүлдем тегін екенін айта кеткен жөн.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға