Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда жөндеу жұмысына байланысты жол қозғалысына шектеу қойылады

Алматыда Абай даңғылының бір бөлігінде бір түнге көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

11 шілде күнгі сағат 23:00-ден бастап 12 шілде күні сағат 08:00-ге дейін Абай даңғылы бойымен батыс бағытта, Назарбаев даңғылынан Абылай хан даңғылына дейінгі аралықта көлік қозғалысы жартылай шектеледі. Шығыс бағыттағы қозғалыста өзгеріс жоқ.

Уақытша шектеулер жылумен жабдықтау желілерін алдағы жылыту маусымына дайындау аясында 1988 жылы пайдалануға берілген магистральдық құбыр желісін жөндеу жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізіліп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, көлік қозғалысын шектеу туралы барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудан әкімдіктері мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ. «2GIS» және «Яндекс карталар» сервистерінде жарияланған.