Жаңалықтар

Алматыда жолақы тағы қымбаттайды

Алматыда жолақы тағы қымбаттайды
Фото: Алматы әкімдігі 01.07.2024 12:27 580

Алматы әкімдігі 80 теңгелік тариф 2011 жылдан бері өзгермегенін және былтыр ғана 20 теңгеге қымбаттағанын мәлім етті. Қазір қалада тарифтің құны қолма-қол ақшасыз тәсілмен төлеген кезде – 100 теңге, ал қолма-қол төлеген кезде – 200 теңге, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Биыл қоғамдық көлікте жол жүру үшін орташа тариф – 310 теңге, ал кейбір маршрутта 400 теңгеге жетеді. Осыған байланысты жыл сайын тасымалдаушыларға төленетін субсидия мөлшері өседі. Егер 2023 жылы 68,7 млрд теңге бөлінсе, 2024 жылы субсидияның болжамды көлемі 97,3 млрд теңгеге дейін өсті. Осылайша, қазіргі тариф бойынша субсидиялау мөлшері үнемі өспек. Бұл жергілікті бюджет үшін шамадан тыс салмақ болуы мүмкін.

Қала тасымалдаушылары қолданыстағы тариф тасымалдаушылардың автобус сатып алуға, жаңартуға және уақтылы қызмет көрсетуге, сондай-ақ жүргізушілердің жалақысын көтеруге жұмсаған шығынды өтемейді деп бірнеше рет айтты. Тасымалдаушыларға және жергілікті бюджетке жүктемені ішінара азайту мақсатында қалалық қатынастарда жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға тариф белгілеу туралы қала әкімдігі қаулысының жобасы дайындалды. Жоба жол жүру тарифін 120 теңгеге дейін көтеруді көздейді. Тиісінше, азаматтардың жеңілдетілген санаттары үшін жол жүру құны тарифтің 50%-ы болады, – делінген басқарма хабарламасында.

Сонымен қатар қоғамдық көлікте жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол жүру ақысын қолма-қол ақшамен төлеуді жою көзделген. Бұл автобус жүргізушісіне көлікті басқаруға және ақша жинауға алаңдамауға мүмкіндік береді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға