Жаңалықтар

Алматыда жол қозғалысы шектеледі

Алматыда жол қозғалысы шектеледі
Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ 19.07.2023 23:50 904

Алматыдағы әл-Фараби даңғылының оңтүстік жағындағы жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын, айналма жолдар жөнделіп жатыр, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйке, жол жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес жүргізіліп келеді әрі оқу жылы басталғанға дейін аяқталады. Қазіргі уақытта Торайғыров көшесінен Достық даңғылына дейінгі жолдың оңтүстік жағында жөндеу жұмыстары аяқталды, көлік қозғалысы ашық.

Келесі кезең – әл-Фараби мен Назарбаев даңғылдарының қиылысындағы айналма жолдарды жөндеу. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өткізу қабілетін арттыру үшін 19 шілдеде сағат 23:00-ден 21 шілде сағат 07:00-ге дейін әл-Фараби даңғылының Назарбаев даңғылымен қиылысындағы айналма жолдарға полимерлі асфальтбетон жабынын төсеу жұмыстарына байланысты батыс бағытта (Меңдіқұлов бульварынан Назарбаев даңғылына баратын жолда), Назарбаев даңғылынан әл-Фараби даңғылына шығыс бағытта бұрылатын жолда, Назарбаев даңғылынан солға әл-Фараби даңғылына бұрылатын жолда (батыс бағытта) және әл-Фараби даңғылынан солтүстік бағытта Батыс Желтоқсан көшесіне бұрылатын жолда көлік қозғалысы толық шектеледі.

Жабылған аумақтарды Меңдіқұлов бульвары, Сәтбаев, Батыс Желтоқсан, Жолдасбеков көшелерімен және Сейфуллин даңғылымен айналып өтуге болады.

Назарбаев даңғылымен және әл-Фарабиден Назарбаев даңғылына шығыс бағытта бұрылатын жолдарда көлік қозғалысы ашық болады.

Патрульдік полицияның 4 экипажы қозғалыс қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға