Алматыда жол апатынан бір адам бақилық болды
22.03.2024 07:37
Фото:
©El.kz/Арман МҰХАТОВ
Алматыда жол-көлік оқиғасы салдарынан бір адам қаза тауып, тағы екеуі жарақат алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 21 наурыз күні сағат 20:00-де Әуезов ауданында тіркелген.
Мерседес автокөлігінің жүргізушісі Саин көшесімен солтүстік бағытта, Ұлықбек көшесінің қиылысында келе жатып, рульге ие бола алмай, соғылған. Оқиға салдарынан жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Оның екі жолаушысы ауруханаға жеткізілді», - деді қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.
Қазір сотқа дейінгі тергеу басталып, тиісті сараптама тағайындалғаны белгілі болды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

