Жаңалықтар

Алматыда жоғары технологиялық дәрілік заттарды шығаратын жаңа зауыт салынады

Алматыда жоғары технологиялық дәрілік заттарды шығаратын жаңа зауыт салынады
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 12.11.2024 12:50 1097

«NOBEL Pharmaceuticals» халықаралық холдингінің бөлігі «Нобел Алматы фармацевтикалық фабрикасы» АҚ қазақстандық нарықта өндірістік қуатын кеңейтуді және одан әрі локализациялауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Үкімет мәліметінше, 2025 жылы компания шығарылатын өнім көлемін 25 млн қаптамаға дейін ұлғайтуға ниетті.

Мемлекеттік қолдаудың арқасында біздің компаниямен 11 ұзақ мерзімді шарт жасалды, оның шеңберінде 2025 жылы біз 106 атауды жеткізуді жоспарлап отырмыз. 11 препарат алғаш рет іске қосылды, оның ішінде Roche компаниясымен келісімшарттық өндіріс бойынша 4 түпнұсқа препарат бар, — деді «Нобель АФФ» бас атқарушы директоры Светлана Киль Үкімет отырысында.

Алматыда $70 млн сомасына жоғары технологиялық дәрілік заттарды шығару үшін жаңа зауыт салу жоспарлануда. Қазақстан үшін бірегей саналатын жаңа буынның R&D зертханасы мен автоматтандырылған қоймасы құрылатын болады.

Премьер-министр Олжас Бектенов компанияның бастамаларына қолдау білдіріп, еліміздің фармацевтика саласын одан әрі дамытудың маңызын атап өтті.

Қазақстанда одан әрі инвестициялау бойынша алдағы жоспарларыңызды бізді қуантады. Жаңа зауыттың құрылысы бойынша біз барлық қажетті қолдауды көрсетеміз. Нобель тарапынан Қазақстанда әлемдік деңгейдегі жоғары сапалы фармацевтикалық құралдарды өндіру бойынша құзырет пайда болуы үшін одан әрі локализациялауды, жергілікті кадрлардың біліктілігін арттыруды, оларды оқуға тарту үшін барынша жұмыс істейсіздер деп күтеміз. Бұл жерде өзара тиімді процесс болуы тиіс деп ойлаймын, — деп түйіндеді премьер-министр Олжас Бектенов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға