©️ instagram/volontery_almaty_lider.kz

Алматыда жоғалған 22 жастағы жігіт өлі табылды

20.05.2024 11:00

12 мамырда із-түссіз кеткен Дамир Нұрбеделұлының денесі табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

22 жастағы Дамир 12 мамыр күні сағат 11:30-да Медеу ауданы Думан ықшамауданындағы үйінен шығып, қайта оралмаған.

Еріктілердің айтуынша, жігіттің мәйіті 18 мамырда табылды. Алайда өліміне не себеп болғаны белгісіз.

Айтылған жағдайға байланысты Алматы қалалық полиция Департаменті қылмыстық іс қозғады.