Видеодан алынған кадр

Алматыда жігітті соққыға жыққан күдікті ұсталды

Әлеуметтік желіде жас жігітті тағы бір ер адамның соққыға жыққан видеосы тарады. ІІМ осы жайтқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полиция мәліметінше, зорлық-зомбылықпен өзінше билік ету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сонымен қатар қылмысқа қатысқаны үшін видеоға түсірген екінші адам да ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, - делінген мәліметте.

Тергеу жалғасуда.