Алматыда Желтоқсан көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады
01.07.2025 03:27
Фото:
t.me/AlmatyJoly
Алматыдағы Желтоқсан көшесінде BRT жобасын жүзеге асыру аясында құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
1 шілде күні сағат 08:00-ден 22:00-ге Гоголь көшесінен Райымбек батыр даңғылына дейінгі жолда көлік қозғалысы уақытша тоқтатылады. Бұл аумақты Наурызбай батыр көшесі мен Абылай хан даңғылы арқылы айналып өтуге болады.
Жөнделетін учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс нөмірі жазылған тақта қойылады. Осы ретте жауаптылар қала тұрғындары мен қонақтарынан маршрутты алдын ала жоспарлауды сұрайды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

