Алматыда Ж.Елебеков атындағы әншілер байқауы өтті
17.11.2024 09:17
Фото:
Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Алматыда Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Ж.Елебеков атындағы дәстүрлі ән орындаушылардың ІІ республикалық байқауы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Байқау колледж тарапынан әншінің 120 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды. Бас жүлдені Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжінің студенті Асқат Ермұратұлы иеленді. Сондай-ақ, іс-шара барысында Ж.Елебековтің репертуарындағы барлық әндер шырқалды.
Еліміздің түкпір-түкпірінен келген 35 қатысушының 15-і екінші кезеңге өтті. Байқау нәтижесінде олар дипломант атанып, көрермендер көзайымы жүлдесін және І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарды иеленді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

