Жаңалықтар

Алматыда жеке тұрғын үй өртенді

Алматыда жеке тұрғын үй өртенді
Фото: Видеодан кадр 19.07.2024 22:34 456

Алматыда жеке тұрғын үйлердің бірінде өрт шықты. Оқиға Жетісу ауданында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

ТЖМ мәліметінше, үйдің шатыры жанған. Өрт 160 шаршы метр аумақты шарпыған.

Өрт сөндірушілердің жедел әрекет етуінің арқасында қызыл жалын дер кезінде сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға