Алматыда жазушы Жұмабай Шаштайұлын еске алу кеші өтті
11.10.2025 00:38
Фото:
Мәдениет және ақпарат министрлігі
Алматыдағы ҚР Ұлттық кітапханасында көрнекті жазушы, қоғам қайраткері Жұмабай Шаштайұлының 75 жылдығына арналған «Өзгермеген адам» атты еске алу кеші өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Іс-шараға жазушының шәкірттері, әріптестері, отбасы мүшелері және зиялы қауым өкілдері қатысты. Кеш аясында жазушыға арналған естелік кітаптың тұсаукесері өтті. Сонымен қатар, қаламгердің шығармашылық жолы, өмірлік ұстанымы және ел игілігі жолындағы еңбегі жайлы естеліктер айтылды.
Жинақта жазушының архивтік материалдары, замандастарының пікірлері мен сирек фотосуреттері қамтылған. Сондай-ақ, кітапта оның әдеби мұрасы мен тұлғалық болмысына қатысты маңызды деректер ұсынылған.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

