Алматыда жауған қардың биіктігі 18 сантиметрге жетті
21.12.2024 10:16
Фото:
Алматы әкімдігі
20 желтоқсан күні Алматыда жауған қалың қарға байланысты коммуналдық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сағат 8:00-ден 22:00-ге дейін қалада 12 см, ал таулы аудандарда 18 см қар жауды.
Мұздың алдын алу үшін жолдарға екі мәрте көктайғаққа қарсы материалдар себілді, бұл жұмыстарға 2450 тонна материал жұмсалды. Бірінші кезең сағат 16:00-де аяқталып, екінші кезең 17:30-да басталды.
22:00-ден бастап жолдарды тазарту жұмыстары жүргізілуде, бұл үшін түнде 21 техника колоннасы жұмылдырылған.
Барлығы 603 арнайы техника, оның ішінде 130 құмсепкіш, 70 шағын көлемді арналған машина тротуар, аялдама мен өткелде жұмыс істеп жатыр. Күндіз 1034 жұмысшы, ал түнде 957 адам еңбек етуде.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

