getty images

Алматыда жауған алғашқы қар тұрғындарды жарықсыз қалдырды

Алатаудың бөктерінде соққан екпінді жел мен ылғалды қар салдарынан бірнеше аудан жарықсыз қалды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Бостандық, Әуезов, Наурызбай және Алмалы аудандарының бір бөлігінде жарық сөніп қалған. Осы іске жауапты «Алатау Жарық Компаниясы» келтірілген қолайсыздықтар үшін тұрғындардан кешірім сұрады.

Барлық күш-жігеріміз электр энергиясын мүмкіндігінше тез қалпына келтіруге бағытталған. Жөндеу жұмыстары аяқталған соң жарық кезең-кезеңімен беріледі, - деді компания басшысы.

Қалпына келтіру жұмыстарына бірнеше бригада мен арнайы техника жұмылдырылып, қазір кей аудандарда жарық қайта қосылды.

Айта кетейік, ертең де Алматының таулы аймақтары мен кейбір аудандарында қар жауады деп күтілуде.