Жаңалықтар

Алматыда Жастар спартакиадасы өтті

Алматыда Жастар спартакиадасы өтті
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі 29.07.2024 18:39 379

Алматыда олимпиадаға қатысушыларды қолдау мақсатында Жастар спартакиадасы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, XXXIII жазғы Олимпиадада ұлттық құраманы қолдау мақсатында Алматы қалалық Жастар саясаты басқармасы «Рух Марафон» спартакиадасын ұйымдастырды.

Алатау ауданының жүздеген тұрғыны қатысты. Ересектер де, балалар да өздерінің физикалық дайындықтарын байқап көрді. Іс-шара бағдарламасына эстафеталар, командалық ойындар, кәсіби жаттықтырушылардан шеберлік сабақтары, жүгіру кірді.

Айта кетейік, Қазақстан аумағында XXXIII Париж Олимпиадасын көрсету құқығын отандық 5 телеарна иеленді. Сондай-ақ қазіргі уақытта Парижде «Қазақстан» телерадиокорпорациясы мен «Хабар» агенттігінің арнайы түсірілім топтары жұмыс істеп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға