Алматыда жастар арасында ұлттық спорт түрлері бойынша жеңімпаздар анықталды
31.07.2024 20:44
Фото:
Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Алматыда жастар арасында ұлттық спорт түрлері бойынша өткен жарыстың жеңімпаздар белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматыдағы сауда-саттық орындарында жұмыс істеп жүрген жастар арасында «Youth nomads» ұлттық спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырылды. Жарысқа 40-қа жуық сауда орындарынан 500-ден астам адам қатысты.
2 күн бойы олар «Қазақ күресі», «Арқан тарту», «Қол күрес», «Асық ату» және «Қой көтеру» сияқты спорт түрлерінен бақ сынады.
«Youth nomads» жобасы 2023 жылдан бастап, сауда-саттық орындарында жұмыс істейтін жастарды әлеуметтендіру, сондай-ақ олардың арасында ұлттық спорт түрлері мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткізіліп келеді
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

