Жаңалықтар

Алматыда Zhasproject жобасының жеңімпаздарына сертификаттар табыс етілді

Алматыда Zhasproject жобасының жеңімпаздарына сертификаттар табыс етілді
Фото: Алматы әкімдігі 10.06.2024 17:25 600

8 маусымда Алматы қаласы Алатау аудандық комьюнити орталығында 2024 жылы «Zhasproject» жобасы аясында шағын гранттар конкурсының жеңімпаздарына әлеуметтік жобаларын жүзеге асыру үшін 1 000 000 теңге көлемінде сертификаттарды салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

«Zhasproject» жобасының қаржылық қолдаудың арқасында 18 бен 34 жас аралығындағы жұмыссыз жастар өз кәсібін ашып, кәсіпкерлікке алғашқы қадамдарын жасап, қоғамының дамуына үлес қоса алады.

Жоба Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы негізінде Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы және «Түпқараған жастары» жастар қоғамдық бірлестігімен бірлесе жүзеге асырылуда.

Жобаның мақсаты NEET санаты жастарының бастамаларын қолдауға және жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған.

2024 жылғы байқау қорытындысы бойынша Алматы қаласында маусым айында әлеуметтік жобаларын жүзеге асыруға кірісетін 20 жеңімпаз анықталды. Грант қаражаты аясында оларды жүзеге асыруға қажетті құрал-жабдықтар сатып алынады.  Қаржыландыру аяқталғаннан кейін гранттық қаражатқа сатып алынған барлық құрал-жабдықтар кейіннен олардың жобаларын жүзеге асыру және дамыту үшін жастарда қалады.

Жеңімпаздарға сертификат тапсыру шарасына «Түпқараған жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің директоры Н.Мағдатов қатысып, шағын грант жеңімпаздарына сәттілік тіледі.

Бірлестік екі жылдың көлемінде zhasproject әлеуметтік жобасын Алматы қаласында іске асыруда. Бүгін осы жылдың жеңімпаздарына сертификат тапсыру шарасын өткізіліп, жеңімпаз жастарға жобаның алдағы жоспарлары таныстырылды. Жастар тарапынан жобаға қатысты сұрақтар қойылып, жауаптар берілді. Сонымен қоса, 2023 жылы жастарға ментор болған тәлімгерлерге жобалық кеңсе атынан хат тапсырылды, - дейді бірлестік директоры Н.Мағдатов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға