Алматыда жасөспірім аяқталмаған жаяу жүргіншілер көпіріне көтеріліп кеткен
17.08.2025 05:39
Фото:
ҚР ТЖМ
Алматыда құтқарушылар баланы аяқталмаған жаяу жүргіншілер көпірінен түсірді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
ТЖМ мәліметінше, Алатау ауданының Зерделі шағын ауданында 2014 жылы туған жасөспірім аяқталмаған жаяу жүргіншілер көпіріне көтеріліп, қорыққандықтан өздігінен түсе алмай қалған.
Оқиға орнына Алматы қалалық ТЖД құтқару қызметінің құтқарушылары жедел жетті.
Құтқарушылар үш иінді баспалдақтың көмегімен баланы қауіпсіз жерге түсіріп, онымен қауіпсіздік ережелері туралы профилактикалық әңгіме жүргізді, - делінген мәліметте.
Құтқарушылар ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

