Жаңалықтар

Алматыда Жансүгіров – Сейфуллин қиылысында қозғалыс ашылады

Алматыда Жансүгіров – Сейфуллин қиылысында қозғалыс ашылады
Фото: Алматы әкімдігі 15.11.2024 03:16 97

Алматыда Жансүгіров – Сейфуллин қиылысындағы жолайрық тоннельдерінде қозғалыс ашылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алдағы демалыс күндері Алматыда Жансүгіров көшесі мен Сейфуллин даңғылының қиылысындағы жаңа жолайрық тоннельдерінде қозғалыс ашылады.

2017 жылы басталған бұл көптен күткен жоба осы бағыттардағы көлік өткізу қабілетін едәуір, атап айтқанда Жансүгіров көшесінде 15%-ға, ал Сейфуллин даңғылында 20%-ға дейін арттырады.

Жоба екі тоннельден тұрады, олардың жалпы ұзындығы 690 метр, олар Сейфуллин даңғылы бойымен үздіксіз қозғалысты қамтамасыз етуге арналған. Жансүгіров көшесіндегі жол жер деңгейінде ұйымдастырылған.

Жолайырық аумағында төрт жерүсті жаяу жүргіншілер өткелі, жаяу жүргіншілерге арналған жолдар салынып, айналадағы аумақтар көгалдандырылады.

Алматы әкімі Ерболат Досаев қалған жұмыстарды жылдамдатуды және жолайрыықтың көріктендіру жұмыстарын келесі жылдың маусым айының соңына дейін аяқтауды тапсырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға