Жаңалықтар

Алматыда жаңбыр мен дауыл салдарынан 8 ағаш құлады

Алматыда жаңбыр мен дауыл салдарынан 8 ағаш құлады
Фото: t.me/kris_p_almaty_official 21.06.2023 15:37 1209

Алматыда 20 маусым күні болған жаңбыр мен дауыл салдарынан 8 ағаш көліктер мен әкімшілік ғимараттың үстінен құлады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Әлеуметтік желіде қала тұрғындары жаңбыр, дауылдан кейінгі құлаған ағаш, қираған көліктердің фото, видеоларын салды.

«Алматыда жаңбыр мен дауыл өтті. Сол себептен қаланың әр жерінде ағаштар құлады», «Осының барлығына кім жауап береді», «Алматыда бір рет соққан желден біраз адам зардап шекті», деп жазды желі қолданушылар.

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 20 маусым күні 112 желісіне ағаштың құлағаны туралы 8 хабарлама түскен (7-і автокөлікке, 1-і әкімшілік ғимаратқа). Осыған орай Алматы қалалық ТЖД қала тұрғындарына көліктерді ағаштардың астында қалдырмауға және жел күшейген сәтте ғимараттан көп шықпауға (мүмкіндік болса ғимарат ішінде болған дұрыс) кеңес берді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға