Жаңалықтар

Алматыда жаңа сквер пайда болады

Алматыда жаңа сквер пайда болады
Фото: Алматы қалалық әкімдігі 18.05.2024 03:18 650

Алматы әкімі Ерболат Досаев мегаполистің Алмалы ауданындағы жаңа скверді абаттандыру жобасын қарап шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әкімдіктің мәліметінше, қала басшысы жергілікті тұрғындардың өтініші бойынша Райымбек – Сейфуллин – Төреқұлов – Мұратбаев көшелерінің маңындағы қираған нысандардың орнына жаңа қоғамдық кеңістік құруды тапсырды.

«Алтын Сапа ALM» ЖШС инвесторы Сейфуллин даңғылы бойындағы екі ескі тұрғын үйді және бұрынғы ТҚҚ ғимаратын бұзған. Әлеуметтік жауапкершілік аясында инвестор өз есебінен Сейфуллин даңғылы мен Мәметова көшесінің қиылысында ауданы 0,30 га жаңа скверді абаттандырады.

Алмалы ауданының әкімі Арман Шамшин қазіргі уақытта сквер пайда болатын учаскеде қаланың жер қатынастары басқармасы 35 меншік иесінің 16-сынан жылжымайтын мүлік сатып алғанын баяндады. Құрылыс жұмыстары жылжымайтын мүлік барлық меншік иелерінен сатып алынғаннан кейін ағымдағы жылдың қазан айына жоспарланған, - делінген мәліметте.

Баяндаманы тыңдаған қала басшысы белгіленген жоспарға сәйкес жұмысты жалғастыруды тапсырды.

Айта кетерлігі, Алматыда Есентай, Үлкен Алматы өзендерінің бойындағы жағалауларға реконструкция жүргізіледі. Пушкин көшесі бойымен Гоголь көшесінен Райымбек батыр даңғылына дейінгі ұзындығы 1,1 км жаяу жүргіншілер аймағын абаттандыру жоспарлануда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға