Жаңалықтар

Алматыда жаңа саябақ салынады

Алматыда жаңа саябақ салынады
Фото: pixabay.com 24.02.2023 12:12 920

 Бұл туралы қала тұрғындарымен есеп беру кездесуінде Алматы қаласының  әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

"Айнабұлақ 1, 3 шағын аудандарының скверлері мен Гүлдер саябағы ағымдағы жөндеуден өтті, суару жүйелері жөнделді, жаңадан жарық тартылды. Скейт-парктер ұйымдастырылған 2 жаңа жастар алаңы ашылды. Заманауи стритбол, баскетбол, волейбол және воркаут алаңдары жабдықталды. Наурыз айында Кемел шағын ауданында жаңа саябақтың құрылысы басталып, жыл соңына дейін бітеді. Сонымен бірге, III-ші тоқсанда Көкмайса шағын ауданындағы Есентай өзенін абаттандыру аяқталады.«Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында былтыр ауданда 23 жоба іске асырылды, оның ішінде балалар мен спорт алаңдары жөнделіп, қоғамдық кеңістіктер ашылды. 2023 жылы қала тұрғындарының өтініші бойынша 800 млн теңгеге 17 жобаны іске асыру жоспарланған" деді қала әкімі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға