Жаңалықтар

Алматыда заңсыз қоймалар сүріле бастады

Алматыда заңсыз қоймалар сүріле бастады
Фото: instagram.com/akimat_almaty 12.10.2024 08:44 504

Алматыда "Самғау" шағынауданындағы 2000 шаршы метрден астам аумақтағы заңсыз қоймалар сүріліп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы «Рифтам» ЖШС-іне жоспардан тыс тексеріс жүргізіп, 2174 шаршы метр қойма алаңдарының рұқсат құжаттары жоқ екенін анықтаған соң сүруге шешім шығарылған.

Сот сүру туралы талапты қанағаттандырған, мұнан соң Алматы қалалық соты бұл шешімді күшінде қалдырған. Қазір сүру жұмыстары сот орындаушыларының бақылауымен жүргізілуде.

Еске салсақ, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен өткен жылдан бері «Мечта», KHAN, «Алма Гарден» тұрғын үй кешендерін қосқанда 48 заңсыз нысан сүрілген болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға