Алматыда заңсыз көше саудасымен күрес жалғасуда
12.03.2025 06:25
Фото:
instagram.com/akimat_almaty
Алматы қаласында заңсыз көше саудасын жою жүмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Атап айтар болсақ, Әуезов ауданында мемлекеттік қор жерлерінде орналасқан 63 заңсыз сауда нысаны мен 28 күш өлшеуіш сүрілді. Олардың қатарында Жұбанов және Момышұлы көшелерінде самса, пицца және чебурек сататын 4 дүңгіршек бар.
Бұл жұмыс қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан өз бетінше орнатылған заңсыз сауда нысанын жою науқаны аясында қолға алынған,-деп атап өтті әкімдіктен.
Айта кетсек, 4 ақпаннан бастап Алматыда 300-ден астам заңсыз сауда нысаны және 222 күш өлшеуіш сүрілді. Бұл жұмыстар 15 наурызға дейін жалғасады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

