Жаңалықтар

Алматыда заңсыз кафе мен сауда алаңдары бұзылды

Алматыда заңсыз кафе мен сауда алаңдары бұзылды
Фото: Алматы қаласы әкімдігі 15.08.2024 18:02 544

Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасы соттың шешімімен кафе мен сауда алаңдары бұзылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы әкімдігінің хабарлауынша, бұрын басқарма меншік иесіне (жеке тұлғаға) қатысты жоспардан тыс тексеру нәтижесінде жобалау-сметалық құжаттаманың және сараптама қорытындысының, авторлық және техникалық қадағалаулардың болмауына байланысты әкімшілік шаралар қабылдаған.

Тексеру барысында меншік иесі экономикалық әдіспен мансарда мен коммерциялық үй-жай салғаны анықталды.

Меншік иесі жіберілген бұзушылықтарды жоюға берілген нұсқаманы орындамады және басқарма Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына бұзуға талап арыз берді. Осы жылдың 7 наурызында соттың шешімімен басқарманың талап-арызы қанағаттандырылды, - делінген хабарламада.

Меншік иесі нысанды сот орындаушыларының қатысуымен өз бетінше бұзды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға