Жаңалықтар

Алматыда заңсыз дүңгіршектер алынып жатыр

Алматыда заңсыз дүңгіршектер алынып жатыр
Фото: Алматы қаласы әкімдігі 14.04.2025 20:24 593

Алматының Алатау ауданында заңсыз орналастырылған стационарлық емес сауда нысандарын сүру жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өз бетінше орнатылған заңсыз сауда орындары жою науқаны Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы аясында қолға алынған.

Қала әкімдігі ұсынған мәліметке сүйенсек, бүгінгі таңда Алатау ауданында 119 заңсыз стационарлық емес сауда нысаны мен 40 күш өлшеу құрылғысы бұзылды. Атап айтқанда, соңғы күндері Мәдениет, Саялы және Әйгерім шағынаудандарында заңсыз дүңгіршектер алынып тасталды.

Жергілікті тұрғындар бұл бастаманы қолдайды. «Енді ауламыз кеңейіп, таза болып қалды, бұрын бұл дүңгіршектер ретсіздік тудырып, жүріп-тұруға кедергі келтіретін», – дейді Саялы шағынауданының тұрғыны.

Қаланың заңсыз нысандардан ауқымды түрде тазартылуы Алматының сәулеттік келбетін жақсартуға, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қолайлы қалалық орта қалыптастыруға бағытталған. Бүгінде мемлекеттік қордың жерінде орналасқан 360 СЕСН мен 274 күш өлшеуіш алынып тасталды

Бұзу жұмыстары жалғасуда, ал қала әкімдігі кәсіпкерлерді сауда нысандарын орналастыру кезінде белгіленген нормалар мен ережелерді сақтауға шақырады. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға