Алматыда ұсталған блогерлер 2 айға қамауға алынды

Фото: видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр
30.01.2025 14:33
446
Алматыда блогерлер кәсіпкерден ақша бопсалап, 10 миллион теңге алып жатқан жерінде ұсталған еді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кейіннен ұсталған блогерлер Дамир Көшеев және Руслан Каримов екені анықталды.
Бопсалауға байланысты күдікке ілінген блогерлерге сот қаулысымен екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды, – делінген Қалалық полиция департаментінің хабарламасында.
Айта кетейік, оларға "Аса iрi мөлшерде бопсалау" бабы бойынша іс қозғалып жатыр. Енді екі блогер 15 жылға сотталуы мүмкін.

Алдыңғы жаңалық
ChatGPT vs DeepSeek: Қытайлықтар жаңа чат-бот жасап шығарды
Келесі жаңалық
Абай облысының әкімі ақсақалдардың басын қосты