Жаңалықтар

Алматыда үшем дүниеге келді

Алматыда үшем дүниеге келді
Фото: © Pixabay.com 02.12.2024 23:10 359

Алматыда 38 жастағы келіншек №2 қалалық перинаталдық орталықта үшем дүниеге әкелді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Үш қыз кесарь тілігі арқылы дүниеге келген. Қоғамық денсаулық сақтау басқармасының операция сәтті өткенін, ана мен балалардың жағдайы жақсы екенін атап өтті. Нәрестелердің салмағы: 1970 грамм, 1990 грамм, 1960 грамм.

Келіншектің бұған дейін 2013, 2018 және 2019 жылдары дүниеге келген үлкен екі қыз, бір ұлы бар. Осылайша ол көпбалалы ана атанып отыр.

Сәбилер дүниеге келгеннен кейін олар реанимация бөлімінде бірнеше күн жатып, қажетті ем алды. Қазір олар аналарымен бірге палатаға ауыстырылды, өздерін жақсы сезінеді, - деді неонатология бөлімінің меңгерушісі Сарбас Айнұрым.

Үшемнің анасы алғашқы скрининг кезінде-ақ үш сәбиге жүкті екенін білгенін айтты.

УДЗ дәрігері менде үш эмбрион бар дегенде таң қалдым. Біздің әулетімізде әжемнің тарапында егіздер болған, бірақ ешкімде үшем болған емес, - деп бөлісті бақытты ана.

Жүктілік табиғи жолмен болды. Көпбалалы келіншек  орталықта басынан өткен оқиғасымен де бөлісті.

Анализдерім жақсы болмағандықтан, осы перинаталдық орталыққа түсіп, патология бөлімінде болдым. Дәрігерлердің күш-жігерінің арқасында балалардың салмағы қанағаттанарлық болғанда, олар кесарь тілігін жасауды ұйғарды. Сөйтіп  23 қараша сенбі күні үшем дүниеге келді. Орталықтың бас дәрігеріне, оның орынбасарына және барша білікті мамандар ұжымына алғысымыз шексіз. Олардың кәсіби шеберлігінің арқасында дені сау қыздарымыз дүниеге келді. Бұл біздің төртінші балаларымыз – төртінші, бесінші, алтыншы балаларымыз. Үшеуі де қыз. Енді отбасымызда бес қыз, бір ұл болды. Біз өте қуаныштымыз!,-деді ол.

Қазір палатада анамен бірге сәбилердің әжесі күтім жасауға көмектесуде.

Айта кетсек, биыл жыл басынан бері №2 қалалық перинаталдық орталықта 3 үшем және 73 егіз дүниеге келді. Ал 
2024 жылдың 10 айында Алматыда барлығы 39 750 бала дүниеге келсе, оның 445-і егіз, 8-і үшем.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Управление общественного здравоохранения Алматы (@almaty_gorzdrav)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға