Алматыда үш автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, адамдар зардап шекті
Ақмарал Ағзамқызы El.kz тілшісі
Алматыдағы Райымбек даңғылында үш автобус пен жеңіл көлік соқтығысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға қалай болғанын полиция департаменті өкілдері анықтап жатыр.
13 ақпан күні сағат 09:00 шамасында Райымбек даңғылының бойымен шығыс бағытта келе жатқан 54-бағыттағы автобус жүргізушісі алда келе жатқан 133-маршруттағы автобуспен, сондай-ақ Nexia көлігімен соқтығысты. 133-ші автобус инерция салдарынан қатарлас келе жатқан 88-бағыттағы автобуспен соқтығысқан, - делінген полиция ақпаратында.
Зардап шеккен жолаушылар емханаға жеткізілген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram

