Жаңалықтар

Алматыда үш апта ыстық су болмайды

Алматыда үш апта ыстық су болмайды
Фото: El.kz/Артем Чурсинов 04.08.2023 23:04 1111

Алматы қаласының Түрксіб, Жетісу, Наурызбай және Медеу ауданында орналасқан бірнеше көшеде ыстық су беру уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Алматы жылу желілері» ЖШС мәліметінше, төрт ауданның аумағында орналасқан бірқатар үй мен ғимаратта ыстық су 7 тамыздан бастап тоқтатылады.

Түрксіб ауданы:

- 7-11 тамыз аралығында Сейфуллин-Терехин-Дулатов-Ақан сері көшелерінде ыстық су болмайды;

- 21-25 тамыз аралығында - Физкультурная-Аймауытов-Щербаков-Чехов көшелері;

Жетісу ауданы:

- 21-25 тамыз аралығында-Беспаков-Жансүгіров-Жұмабаев-Омаров көшелері;

Наурызбай ауданы:

- 7-8 тамыз аралығында-Жүнісов-Райымбек-Алтын орда-Абай көшелері;

Медеу ауданы:

- 14-18 тамыз аралығында-Блок-Үштөбе-Тәтібеков-Гурилев көшелері;

- 14-19 тамыз аралығында - Казачка өзені – Құлжа тас жолы- Атырау-1 - ықшам ауданы.

Мекеме мәліметінше, уақытша шектеулер су жылыту жабдықтары мен қазандықтарды жөндеу жұмысына байланысты енгізіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға