Жаңалықтар

Алматыда ұрлық жасаған күдікті қашып кетті

Алматыда ұрлық жасаған күдікті қашып кетті
Фото: Polisia.kz 05.12.2024 09:20 538

Алматыда ұрлық жасады деген күдікпен ұсталған адам айдауыл қызметінің көлігінен қашып кеткен. Полиция 28 жастағы күдіктінің аты-жөні мен суретін жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр. Осыған жол берген кінәлі тұлғалар қатаң жауапкершілікке тартылады, - деп мәлім етті Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полиция департаменті қала тұрғындарына үндеу жасады.

Күдікті – 1996 жылы туған Аубакри К.Е. Бойы 165-170 см, дене бітімі арық, шашы қара, көзі қоңыр. Ерекше белгісі – мұрны қисайған.
Аубакридің қайда екенін білетіндерден төмендегі телефондар арқылы хабарласуды сұраймыз: 8 (701) 758 67 60; 8 (778) 158 54 44; 254 40 42 немесе 102, – деп үндеу жасады полиция.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға