Жаңалықтар

Алматыда учаскелік инспектор егде жастағы әйелді үсік шалудан аман алып қалды

Алматыда учаскелік инспектор егде жастағы әйелді үсік шалудан аман алып қалды
Фото: polisia.kz 14.02.2023 15:34 735

Алматыда учаскелік инспектор егде жастағы әйелді үсік шалудан аман алып қалды, – деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл жолы да Алматы қаласы Медеу ауданына қарасты 83-УПП учаскелік инспекторы ерекшеленді. Ол осыдан бірнеше күн бұрын әріптестерімен бірге Шымбұлақта сайға құлап кеткен алматылық азаматты аман алып қалған болатын.

– Менің ұялы телефоныма бау-бақша серіктестіктерінің бірінің тұрғынынан, көршісінің 4-5 күннен бері үйден шықпайтыны туралы хабарлама келіп түсті. Мен оның әпкесін таптым, үйге бірге бардық, ол таулы жерде орналасқан. Кіреберіс есіктің құлпын сындырдық. Егде жастағы әйел еденде қимылсыз жатты, үсік шалу белгілері анық байқалды. Көршісімен бірге әйелді төменге қарай абайлап түсірдік, жедел жәрдем келгенше азаматтық көлікке отырғыздық, содан кейін дәрігерлер оны әрі қарай ауруханаға жатқызуға алып кетті, – деді, учаскелік инспектор Асхат Рысбеков.

Кейін белгілі болғандай, 69 жастағы әйел құлап қалып, өздігінен тұра алмай қалған. Ол төрт күн бойы қимылсыз жатқан. Қазір дәрігерлер әйелдің өмірі үшін күресіп жатыр.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға